ШЖҚ «ИЗАТИМА ЖЕКЕНОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ» МКК
Қазақстан Республикасы 0500007 денсаулық сақтау басқармасы. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295, Телефон: +7 (727) 274 96 92
logo

Аурухана жайлы

И.Жекенова атындағы Алматы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына 2012 жылы 80 жыл толды. Бұл – Қазақстан тарихында алғаш құрылған арнайы емдеу мекемесі.

Медициналық мамандықтардың ешқайсысы жұқпалы аурулар секілді адамзат тарихының түрлі деңгейлерімен, аумақты қайғылы оқиғалармен, кәсіби ерлікпен,өзін-өзі құрбан етумен байланысты емес. Мысалдар өте көп әрі  жалпыға таныс, еске түсірудің қажеті жоқ. Екінші жағынан, бұл – өзіне заманауи медицинаның технологиялық, фармокологиялық, әдістемелік тәсілдерін сіңіре білген өте динамикалық, дамушы мамандық.

Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының тарихы өте әріде, 30 жылдардан басталады. БұлҚазақстанда  мыңдаған   адамдардың өмірін әкеткен  іш сүзегі,  бөртпе сүзектері,   паразиттер,  безгек, дифтерия мен  табиғи шешек сияқты ауыр жұқпалы    аурулардың кең тараған уақыты еді. Аурухана1932 жылы бұрынғы көшіп-қонушылардың ауруханасының орнында  ұйымдастырылған бір қабатты ағаш барақ типіндегі су құбыры жоқ үй болған.  Онда екі дәрігер мен   он  медбике  қызмет   атқарған.

         Алматы қаласының  тұрғындарының өсуіне  байланысты жұқпалы  аурулар ауруханасының төсек қорын кеңейтуге қажеттілік  туындады.1966 жылы төсек орны 175-ке жетсе, 1969 жылы типтік ғимарат салынғаннан кейін 300-ге жетті.Осы ғимаратта  бүгінге дейін аурухана өз міндетін атқарып келеді.

         Бүгінгі таңда И.Жекенова  атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы –арнайы медициналық көмек көрсететін дамушы емдеу-профилактикалық мекеме. Бұл ересектердің жұқпалы ауру патологиясының клиникалық мәселелері бойынша  қаладағы жалғыз емдеу мен әдістемелік орталығы болып саналады. Жұқпалы аурулар патологиясы мен алдын алу мәселелері бойынша қалалық емханалардың жеке және біріккен   стационарлармен, отбасылық дәрігерлік амбулаториялармен және жеке медициналық орталықтармен байланыс орнатқан. Барлық емханаларға,  ауруханаларға және  қаланың әйелдер  босанатын үйлеріне АМДБЖИ мен ҚазҰМУ кафедрасының  профессорлары мен ұстаздары  құрамынан кураторлар бекітілген.

Аурухананы жетілдіру мен құрылуында  өзінің қажымас еңбектерімен  білікті ұйымдастырушылар мен  тәжірибелі  клиника дәрігерлері, бас дәрігерлер В.Т. Кудряков, И.П. Беклемишев, А.Н.Юрлова, Б.К.Кадырова, И.С.Жекенова, С.К. Джумагулова, К.Д. Абубакирова, А.Ж. Карабеков, Е.А.Лавлинская  үлкен үлес қосты.  Денсаулық сақтаудың үздік ұйымдастырушылары ретінде  олар материалды-техникалық базаның нығаюына, жұқпалы ауруларға заманауи болжам жасау мен емдеудің әдістерін енгізуге, ғылым, уақыт және ҚР, соның ішінде Алматы қ. эпидемиологиялық жағдайларының талаптарына сәйкес, ғылыми-тәжірибелік және  маман мүмкіндіктерін дамытуға көп көңіл бөлді.

1935 жылы аурухана базасы негізінде  алғаш рет профессор А.К.Дүйсенова басшылығымен Қазақ медицина институтының  жұқпалы аурулар кафедрасы  (қазіргі С.Д.Асфендияров атындығы ҚазҰМУ) ұйымдастырылды. Сол уақыттан бастап аурухана клиникалық аурухана атына ие болды. Қазіргі кезде жұқпалы аурулар кафедрасының  ғылыми және педагогикалық потенциалы өте жоғары. Кафедра  ғылымдарының ғылыми зерттеулері АҚТҚ/ЖҚТБ мәселелеріне, вирусты гепатитке, антрозды    жұқпалы ауруларына  арналған.

1964 жылдан бастап аурухана Алматы мемлекеттік    дәрігерлер  білімін  жетілдіру  институтының  кафедрасының  клиникалық базасы  болып отыр. Жұқпалы аурулар кафедрасының құрылуынан бастап  бірнеше жылдар бойы профессорлар И.Л.Касаткина, Т.И.Дмитровская, К.Б.Курманова, доцент З.И.Сүлейменова, профессор С.Т.Досқожаева басшылық етті. Осы кезге дейін ұжымда профессорлар Н.П.Патрика, Е.Н. Бортошевич, И.Л.Касаткина, Е.С.Белозерованы  жақсы еске  алады. АМДБЖИ мен ҚазҰМУ кафедрасының доценттері С.Н.Попова, А.Ф.Реформатская, С.А.Тукаева, Л.В.Кудрякова, Е.А.Мизякина, М.А.Мусабаева, Л.С.Безрукова, О.В.Россова, А.С.Милованова, Э.Ч.Наурызбаева, М.Н.Утеулин, Э.Б.Сейдулаева, Н.П.Петрова, Л.И.Дерябина, Г:Ж.Туркпенбаева, С.Ж.Қуандықова бірнеше жылдар бойы дәрігерлер мен студенттерді дайындауда көп еңбек етті.

Республикамыздың барлық облыстарындағы барлық инфекционистер іс жүзінде Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының жұқпалы аурулар кафедрасында білім алып, сусындады.

1976 жылы  жұқпалы  аурулар  ауруханасы  базасы негізінде, 34 емдеу  мекемелеріне,  қазіргі кезде 80-нен астам  емдеу мекемелеріне  қызмет көрсететін  Орталықтандырылған бактериологиялық зертхана ұйымдастырылды.

Қала инфекциялық аурулар емханаларындағы кабинеттердің  ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстары  аурудың алдын алу, болжау және  инфекциялық жұқпалы ауруларды  емдеуді  жетілдіруге бағытталған.

Бұл жұмыстарды жүргізу үшін ауруханада  1973 жылдан бері  ұйымдастыру-әдістемелік кабинеті  жұмыс  істейді. Қаланың дәрігер-инфекционист, дәрігер-эпидемиологтары үшін жұқпалы инфекция жөнінде үнемі конференциялар  жоғары дәрежеде өткізіліп тұрады.

1978 жылы Алматы қаласында  тұрғындарға  алғашқы медициналық-санитарлық көмек  көрсету мәселелері жөнінде ДДСҰ мен ЮНИСЭФ конференциясы өтті. Конференция мүшелеріне  Алматы  қалалық жұқпалы  аурулар ауруханасының ең үздік деп танылған тәжірибе жұмысы  көрсетілді.

Клиника тәулік бойы науқастарға  жедел кеңес беру – болжау мен  стационарлық көмекті тегін медициналық  көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіп отырады. Жұқпалы ауруы бар барлық науқастар іс жүзінде жедел категориясына  жатады, госпитализацияланған  сәттен бастап эпидемияға қарсы режимнің сақталуын, жеке госпиталдануын,  провизорлы госпиталдануын, изоляцияланып, дифференциалды зерттеуді қажет етеді.

ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес, 2006 жылы Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына бас дәрігер, республиканың еңбек сіңірген дәрігері, Ленин орденінің иегері, Қызыл тудың 2 орден иегері, клиниканы 1950-1979 жж. аралығында басқарған  И.С.Жекенова есімі берілді.

Біздің аурухана   дәрігерлерінің бізге дейінгі буыны ұзақ әрі қиын жолды бастан кешірді. Қазіргі таңда қызметкерлер  кішкене аурухананадан заманауи құралдары бар, арнайы медициналық көмек көрсететін заманауи клиниканың өскендігін мақтанышпен айта алады. Алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы  емдеу мен болжам жасауда ғана емес, сондай-ақ жастарды жұмыстың тиімді әдістеріне  үйретуде, тәлімгерлік, тәрбие мәселелерінде   ең озық дәстүрлерді сақтаушы және жалғастырушы  болып  саналады.  Аурухананың  алғашқы дәрігерлері қызметтің басты қағидаларын қалыптастырды: медицинаға адал қызмет ету, науқастармен ізгі қатынас орнату, өзін өзі үнемі жетілдіру, үздіксіз тәжірибелік өсу.  Адамгершілік, қайырымдылық,мейірімділік– ұжымдағы   медицина  қызметкерлерінің  басты қасиеті болып қала бермек. Клиниканың  80  жылдық   жұмыс  тәжірибесі бүгін де  ұжымдағы   медицина  қызметкерлерінің  осы  қағидаға  адалдыған айқындайды.

Бүгінде Алматы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында 282  адам қызмет етеді. Соның ішінде 32 дәрігер, 113 орта медициналық қызметкерлер.Аурухана 180 орынға лайық жабдықталған.  Алматы қалалық  клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының құрамына 5 клиникалық  бөлімше кіреді: реанимация мен қарқынды терапия бөлімшесі, Орталықтандырылған  бактериологиялық зертхана, клиникалық-биохимиялық зертхана және басқа да  қосымша қызмет көрсететін бөлімшелер. Ерекше қауіпті  жұқпалы ауруы бар науқастарға арналған 20 орынды арнайы боксталған бөлімше де қарастырылған. Осында  менингококтық  жұқпалы аурумен,  дифтерия,  АИВ жұқпасы және басқа да изоляцияны талап ететін ауруы бар науқастар госпитализацияланады. Ауруханада вирустық гепатит, өткір ішек жұқпалары бар науқастар бөлімшесі, сондай-ақ жоғары деңгейде медициналық көмек көрсететін дифференциалды-болжамдау бөлімшесі ұйымдастырылған әрі осы күнге шейін жұмыс жасап келеді.

Мемлекетіміздің саясаты – қоғам өмірінің барлық жақтарын сапалы өзгерту, оның материалды-техникалық базасын ғылыми-техникалық революция жетістіктері  негізінде түбірімен жаңарту. Жұқпалы ауруларды алдын ала немесе толық  тану мәселесі бойынша  аурухана көркінің өзгеруінде  ғылыми-техникалық жетістіктердің рөлі өте жоғары. Оған соңғы жылдары  дәрігерлік тәжірибені құралдық және зертханалық болжамдау мен емдеудің заманауи әдістерімен байытуы  себеп болып отыр. Клиника «Саламатты Қазақстан»  Бағдарламасының ұлттық басымдылық жобасын іске асыру барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасы арқылы тыныс алу аппараты мен монитор, ЭКГ-аппарат, УДЗ-аппарат, жаңа рентгендік болжамдау және зертханалық құралдар (ИФА-аппарат, қан мен зәрдің құрамын зерттейтін түрлі құралдар) алды.

Жылдан жылға аурухана жұмысының сапалы көрсеткіштері өсуде.

Кез келген клиниканың диагностикалық және емдеу жұмысының сапасы өлім-жітім көрсеткіші бойынша бағаланады. Соңғы 5 жылда өлім-жітім көрсеткіші 4 есе азайып, 0,2% құрап отыр. Медициналық қызметкерлер әр жыл сайын 6500-7000  науқасты ауруынан айықтырып, салауатты өмір сүруге  септігін тигізеді.

Сондай-ақ    2010 жылдан бастап  ҚКЖАА гепатологиялық бөлме жұмыс жасап келеді.  Онда  созылмалы вирустық гепатиті бар науқастарға  вирусқа қарсы ем жүргізіліп,  амбулаторлық кеңес беріліп, диагностикалық көмек көрсетіледі.

Медициналық қызметкерлер  салауатты өмір салтын ұстау,  жергілікті тұрғындардың денсаулық жағдайын нығайту және аурудың алдын алуын үйрету  мақсатында  белсенді жұмыстар атқарып келеді.  Дәрігерлер салауатты өмір салтының қағидаларын берік ұстанатындығын  облыстың барлық спорттық және мәдени шараларына белсенді қатысатындығымен, темекіге қарсы акцияларын өткізетіндігімен дәлелдейді. Қазіргі  таңда аурухана аумағы шылымнан бас тартқан аумақ болып табылады.

Аурухана ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ  Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты жолдауында жария етілген  жаңғырту Бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл бағдарлама  орындалуға тиіс бірнеше міндеттерді қамтиды. Оңды өзгерістерге алғашқы қадам да жасалып қойды.  Аурухананың жеке сайты құрылды, бұл сайт кез келген адамның денсаулық сақтау саласындағы өзгерістерді бақылауға, жұқпалы аурулар ауруханасының жқмысын білуге көп  септігін тигізеді.