ШЖҚ «ИЗАТИМА ЖЕКЕНОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ» МКК
Қазақстан Республикасы 0500007 денсаулық сақтау басқармасы. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295, Телефон: +7 (727) 274 96 92
logo

Емдеу

Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295 мекен-жайында орналасқан, 180 орынға жабдықталған И.Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы АИВ жұқпасын қоса алғанда, 60-тан астам нозологиялық жұқпалы және паразиттік ауруларға шалдыққан науқастарға тәулік бойы кеңес беру-диагностикалық және жедел стационарлық емдік-диагностикалық көмек көрсетеді.

Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы  «Қазақстан  Республикасының 2011-2015 жж. арналған  «Саламатты Қазақстан» атты  денсаулық сақтауды дамыту мен реформалаудың  мемлекеттік бағдарламасы»  мен  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ  Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам»атты жолдауында жария етілген  жаңғырту Бағдарламасында қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында  жұмыс жасайды.

Жыл  сайын  клиникаға медициналық жедел жәрдем  бригадаларының тасымалдауымен, емханалардың жолдамасымен, басқа стационарлардан, жеке меншік  медициналық орталықтардан, сондай-ақ  өз беттерімен 15000-17000 науқастар келіп түседі. Жылына 6500-7000 науқастарға стационарлық емдеу көрсетіледі.

Ауруханада науқастарды емдеу мен күту, зертханалық және диагностикалық зерттеу жұмыстары ҚР Үкіметінің №2136 15.12.2009 ж. «Тегін медициналық көмек көрсетудің кепілденген мөлшерінің тізімін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес жүргізіледі.

Дифференциалды болжау мен  емдеу процесін  тиімді көтеру үшін  АМДБЖИ мен ҚазҰМУ жұқпалы аурулар  кафедрасының қызметкерлерімен тығыз байланыс жүргізіледі. ҚазҰМУ мен АМДБЖИ тропикалық және жұқпалы аурулар кафедрасының қызметкерлерімен бірлесе отырып, күрделі және ауыр жағдайдағы науқастарға кеңес алу, сондай-ақ көрсетілетін медициналық көмек сапасын зерттеу мақсатында бөлімшелермен байланыс жасалып, консилиумдар өткізіледі.

Клиника тәулік бойы науқастарға  жедел кеңес беру – болжау мен  стационарлық көмекті тегін медициналық  көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіп отырады;  сонымен қатар өзбетінше және  қалалық емханалардың  стационарларымен бірлескен және отбасы медициналық  амбулаторияларының инфекциялық  жұқпалы аурумен ауырған  науқастарға  медициналық көмек көрсету мен  оның алдын алу  жұмыстары қызметінің байланысын  жүргізеді.  Барлық емханаларға,  ауруханаларға және  қаланың әйелдер  босанатын үйлеріне АМДБЖИ мен ҚазҰМУ кафедрасының  профессорлары мен ұстаздары  құрамынан кураторлар бекітілген.

Аурухананың бүгінгі таңдағы басшылығы емдік-диагностикалық үдерістің ауқымды модернизациясын жүргізуге бағыт алды, жұқпалы аурулар қызметіне арналған мамандар даярлауды күшейтуге бағытталған денсаулық сақтау ісіндегі білім беру және ғылыми мекемелерімен әріптестігін нығайтуда, жұқпалы аурулар диагностикасы мен емдеу шараларына, материалды-техникалық базаның жаңартылуына заманауи амал-тәсілдерді жетілдіруде.