ШЖҚ «ИЗАТИМА ЖЕКЕНОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ» МКК
Қазақстан Республикасы 0500007 денсаулық сақтау басқармасы. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295, Телефон: +7 (727) 274 96 92
logo

Диагностика

«И.Жекенова атындағы ҚКЖАА» Орталықтандырылған бактериологиялық және клиника-диагностикалық зертхана келесідей қызмет көрсетеді:

  • Сепсис этиологиясын,  өткір  ішек  жұқпаларын, ішек дисбактериозын, емделушіден сұйықтықты, коринебактерия, нейссерия, ашытқы саңырауқұлақтары мен  басқа да  патогенді  және диагностикалық маңызы бар шартты-патогенді микроағзалар бөлінуін  микробиологиялық талдауышта антибиотиктердің кең спектріне микрофлоралардың сезімталдығын анықтауды, сәйкестігін қамтитын жоғары тыныс алу жолдарының ауруларын (тонзиллит, фарингит, бронхит,  пневмония) анықтау бойынша микробиологиялық зерттеулер;
  • В, С (сапалы және сандық),  Д вирустық гепатиті, қарапайым ұшық вирусы, Эпштейн-Барр вирусы, бруцеллеза, листериоза, иерсиниоза, қызамық, эпидпаротит, цитомегаловирус секілді микроағзалардың геном идентификациясы бойынша  полимеразды тізбек реакциясы әдісімен молекулярлық-биологиялық зерттеу жүргізу мен  LgG класының цитомегаловирусқа антидене авидтігін анықтау;
  • А, В, С, Д вирустық гепатитінің, цитомегаловирус, Эпштейн-Барр вирусы, қарапайым ұшық вирусы маркерінің көрінуі бойынша иммуноферментті зерттеулер;
  • Қан, зәр, нәжіс, қақырық, цереброспиналдық сұйықтық, тамыр сұйықтықтығына клиникалық зерттеулер;
  • Сифилис (микропреципитация реакциясы), иерсиниоз (РПГА), псевдотуберкулез, листериоз, бруцеллезге (Райт пен Хеддельсон реакциясы) иммунологиялық зерттеулер;
  • Қанның фермент (аланинаминотрансфераз, аспартатаминотрансфераз, амилаз, гаммаглютамилтрансфераз, сілті фосфатазы) белсенділігін, билирубин, глюкоза, несепнәр, креатинин, жалпы нәруыз, С-реактивті нәруыз, холестерин, электролит (калий, натрий, хлор)  мөлшерін, қышқыл-негізді байланыстың, тимоловты сынама көрсеткішін анықтау бойынша  биохимиялық зерттеу;
  • Гемостаз көрсеткішін анықтау бойынша коагулологиялық  зерттеу: протромбинді  байланыс, плазманың рекальцификациялануы, тромбопластинді уақыт, жалпы фибриноген;
  • Қан тобы мен резус-факторды  анықтау бойынша изосерологиялық зерттеулер;
  • Қан препараттарының безгекке, нәжістің амебаға, ооцистің криптоспоридиге, жұмыртқаның ішекқұртына қатысты микроскопиялық зерттеулер.