ШЖҚ «ИЗАТИМА ЖЕКЕНОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ» МКК
Қазақстан Республикасы 0500007 денсаулық сақтау басқармасы. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295, Телефон: +7 (727) 274 96 92
logo

Емделуші ескертпесі

Қызметкерлердің кәсібилігі мен зияткерлігі шамасының, жоғарытехнологиялық құрылғылардың үйлесуі негізінде көрсетілген жоғары сапалы медициналық қызметтердің емделушілерге барынша оңтайлы шарттарының жүзеге асуы болып табылады.

Құрметті емделушілер!

Сіздер өз денсаулықтарыңызды қалыпқа келтіру үшін біздің ауруханаға қараласыздар. Жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін әкімшілік біздің емдеу мекемемізде қабылданған ережелерді ұстануды сұрайды:

  • Ауруларды госпитализацияға қабылдау жұмыс күндері және демалыс күндері тәулік бойы қабылданады.
  • Ауруханаға түсерде өзіңізбен бірге жеке бас куәлігіңізді, амбулаториялық картаңыздың көшірмесін, дәретхана бұйымдарын, ауысымды аяқ киіміңізді, ауыстыратын таза ішкі киімдеріңізді алуға ұмытпаңыздар.
  • Бөлімшеде жеке заттарыңызды, асыл бұйымдарыңызды, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды тапсыруыңыз (немесе туыстарыңызға беруіңіз) қажет. Әкімшілік сақтауға берілмеген жеке заттарыңыз, құндылықтарыңыз бен құжаттарыңыз үшін жауап бермейді.
  • Жақындарыңыз бен туыстарыңызды қабылдау уақыты және бөлімшеде қалыптасқан тәртіп ережесі жайлы ескертіңіз және таныстырыңыз.

Бөлімшеде Сіз және Сіздің туыстарыңыз келешекте байланыста болатын емдеуші дәрігеріңіздің аты-жөнін, тегін білгендеріңіз абзал.

 

Науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі

Науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметінің міндетіне медициналық көмек көрсетуде тәртіп бұзушылықты анықтау жатады.

Егер СІЗ:

  • медициналық көмек сапасына қанағаттанбасаңыз;
  • медициналық кызметкер тарапынан дөрекілікке тап болсаңыз;
  • тегін кепілді медициналық көмек беру аумағында медициналық қызметкердің ақшалай талап ету жағдайларымен кездессеңіз;
  • сапалы медициналық көмек көрсетуде басқа да қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда, Сіз науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгінуге құқылысыз.

Сенімділік мақсатында мәселеңіз сіздің қатысуыңызбен комиссия мүшелерімен қаралады. Қалауыңыз бойынша мәселеңізді аты-жөніңізді, байланыс деректерін (телефон, мекен-жай) көрсете отырып,  жазбаша түрде сенім жәшігіне, сондай-ақ мекемеміздің желісінде қалдыруыңызға болады.

Сіз сенім телефоны бойынша да хабарласа аласыз (275-66-95) немесе науқастарды қолдау және ішкі бақылау қызметі бөлмесі сіздің мәселеңізбен көмектесуге дайын.

Сіз емдеудегі науқас ретінде де, не болмаса емделушінің туысы ретінде де жүгіне аласыз.

Қызмет мүшелері:

  • Утагановна Тамара Кустаевна – бас дәрігердің емдеу ісі бойынша орынбасар, тел.: 274-96-82;
  • Шарипова Арзигуль Курванжановна – бас дәрігердің мейірбике ісі бойынша орынбасар, тел.: 274-96-82;
  • Муратаева Сания Советовна – медициналық статистика бөлмесінің меңгерушісі, тел.: 275-66-50;
  • Асанбаева Замира Адильбаевна – кадрлар бөлімінің инспекторы, тел.: 274-96-51;

Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қабылданған 2009 ж. 18 қыркүйекте қабылданған №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтары құқылы:

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған тізімге сәйкес кепілді көлемде тегін медициналық көмек алуға;
  • кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек шеңберіндегі медициналық көрсеткіште тағайындалған дәрі-дәрмектермен және өнімдермен қамтамасыз етілуге;
  • диагностика, емдеу және күту барысында және өзінің мәдени мен жеке бас құндылықтарына лайықты құрметпен қарауына;
  • өз денсаулығының қалпы, қаралудың нәтижесі, алдын алу шаралары, диагностика мен реабилитация әдістері жайындағы ақпаратқа;
  • мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және емдеуші дәрігерден олардың құзіретінде болып табылатын алдын алу шараларының, диагностиканың әдістері, аурудың емделуі мен медициналық реабилитация, клиникалық зерттеулер мен денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы тегін анық ақпараттарды алуға;
  • өз қаражаты есебіне, мекемелер қаражатына, өз еркімен сақтандыру жүйесіне және басқа да тыйым салынбаған негіздерден кепілді көлемдегі тегін медициналық көмектен тыс қосымша медициналық қызметке;
  • өз еркін білдіре алмайтын емделушілердің (шокты жағдай, коматозды жағдай), қоршаған ортаға қаупі бар аурумен ауыратындардың, ауыр психикалық бұзылуға душар болғандардың жағдайларын ескермегенде медициналық көмектен бас тартуға;
  • ерекше жалалы жағдайдан басқа дәрігер құпиясын құрайтын жасырын ақпараттарды таратпауға;
  • емделушілердің діни және рухани сенімдерін білдіретін діни қызметтерге;
  • денсаулық сақтау ұйымына, жоғарықұзырлы органға және (немесе) сот жолымен медициналық және фрамацевтикалық қызметкерлердің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге.

Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қабылданған 2009 ж. 18 қыркүйекте қабылданған №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтары міндетті:

  • өз денсаулығын сақтап күтуге;
  • өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қолдануға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау төңірегінде алдын алынған медициналық қаралудан өтуге;
  • медициналық қызметкерлермен қарым-қатынаста құрмет пен әдеп танытуға;
  • дәрігерге диагноз бен аурудың емделуін қоюға қажетті барлық ақпаратты жеткізу. Медициналық кірісуге келісім берілгеннен кейін емдеуші дәрігердің барлық алғышарттарын орындауға;
  • ішкі тәртіптің ережелері мен режимін сақтауға, медициналық мекеменің мүлкіне ұқыпты қарауға, медициналық көмекті алуда медициналық қызметкерлермен әрекеттесуге;
  • жұқпалы аурулармен және қоршаған ортаға қаупі бар аурулармен ауыратындығымен медициналық қызметкерлерді ақпараттандыруға;
  • өзге емделушілердің құқықтарын бұзатындай әрекеттер жасамауға.

НАУҚАСТАРДЫҢ СТАЦИОНАРДАҒЫ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

  • Стационарлық науқастар бөлімшеге келгеннен кейін тәртіпті сақтауы керек.
  • Стационарлық науқастарға бөлімше бастығының рұқсатынсыз аурухана аумағынан шығуға тыйым салынған.
  • Стационардың барлық бөлімдерінде, соның ішінде палаталарда, дәлізде және қызметтік бөлмелерде шылым шегуге және спиртті ішімдіктерді пайдалануға тыйым салынған. Шылым шегу мен алкогольді пайдалану емделудің тиімділігін азайтатынын, аурудың ағысын ауырлататынын ескертеміз.
  • Бөлімше басқармасының келісімінсіз жеке тұрмыс электроаппараттарын (мысалы, су қайнатқыш, жылытқыш) қосуға тыйым салынған.

Стационарда жату ережелерін бұзған жағдайда науқас ауруханалық қағаздағы белгіге сәйкес бөлімшеден шығарылуы мүмкін. Қызметкерге дөрекі және инабатсыз қарым-қатынас, дәрігерге қаралу мен емдеу шараларына кешігіп келу немесе келмеу, дәрігердің ұсыныстарын сақтамау, өз қалауы бойынша дәрі-дәрмектерді қабылдау, емдеуші дәрігердің келісімінсіз және рұқсатынсыз бөлімшеден өз еркімен кету.

Азаматтардың үндеулерін қабылдау ережесі

Құрметті емделушілер біздің орталықтың қызметкерлерімен ұсынылатын медициналық қызметтердің спасына қатысты Сіздердің үндеулеріңіз ауызша және жазбаша түрде қабылдануы мүмкін.

Үндеуді жазбаша түрде жазғанда міндетті түрде аты-жөніңізді, тегіңізді, мекен-жайыңызды, байланыс телефондарыңызды, күні мен өз қолыңызды көрсетуіңіз керек. Үндеуде сауалды, мәселені, ұсынысты нақты жеткізуіңіз тиіс. Үндеу кеңсе немесе шағымдар мен ұсыныстар жәшігі арқылы ресми түрде қабылданады. Үндеулер шешімнің нәтижесі ақпараттандырылуымен заңға сәйкес уақытта қаралады. Анонимді үндеулер қарауға жіберілмейді.

Азаматтардың ауызша үндеулері шағымдар журналында тіркелген сенім телефоны арқылы қабылданады. Жазбаша түрдегі үндеу сияқты қаралады. Азаматтардың қалауына қарай ауызша түрдегі үндеулерге жауабы ауызша түрде берілуі мүмкін.

КҮН ТӘРТІБІ

6.30-7.30

   Ояну, дене температурасын өлшеу, гигиеналық емдеу  шаралары, дәрі-дәрмектерді қабылдау, анализдерді жинау

7.30-8.30

Дәрігер белгілеулерін орындау

8.30-9.00

Таңғы ас

9.00-11.00

Дәрігер тексерісі. Қараудың функционалды әдістері.

11.15-12.30

Дәрі-дәрмектер мен инъекцияны, таңуды қабылдау

13.00-14.00

Түскі ас

14.00-15.00

Дәрігерлермен сұхбат

15.00-17.00

Демалыс уақыты

17.00-18.00

Температураны өлшеу. Гигиеналық емдеу шаралары. Түстік

18.00-19.00

Кешкі ас

19.00-21.00

Дәрігер белгілеулерін орындау

22.00

Ұйқы уақыты

Науқасты шығару демалыс күндері және мерекелік күндерден басқа күндері күнделікті сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін жүреді.

-------------------------------------------------------------

ТЕЛЕФОН АНЫҚТАМАЛЫҒЫ:

Бас дәрігердің қабылдау бөлмесі: 274-96-92

Сенім телефоны: 274-96-82

 

Сіздерге денсаулық пен амандық тілейміз!

Құрметпен ШЖҚ «И.Жекенова атындағы ҚКЖАА» МКК әкімшілігі