ШЖҚ «ИЗАТИМА ЖЕКЕНОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ» МКК
Қазақстан Республикасы 0500007 денсаулық сақтау басқармасы. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295, Телефон: +7 (727) 274 96 92
logo

Қабылдау кеңес беру бөлімшесі

И.Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау-кеңес беру бөлімшесі әртүрлі жұқпасы бар науқастарға үздіксіз кеңес-диагностикалық және ауруханалық көмек көрсетеді.

Ауруханада науқастарды қарау қабылдау бөлімшесінен басталады. Қабылдау бөлімшесі – түскен науқастарды тіркеу, қабылдау, біріншілік қарау, антропометрия көрсеткіштерін анықтау, науқасты санитарлық-гигиеналық өңдеу жұмыстарымен қатар, жоғары білікті медициналық көмек көрсетумен айналысады.

Қабылдау бөлімшесінің негізгі қызметі:

  1.  Науқастарды қабылдау және тіркеу;
  2.  Науқастарды дәрігердің қарауы; 
  3.  Жедел медициналық көмек көрсету;
  4.  Ауруханаға жатқызуға көріністері бар науқастың тиісті бөлімшесін анықтау;
  5.  Тиісінше медициналық құжаттарды толтыру;
  6.  Науқастарды бөлімшеге орналастыру.

Қабылдау бөлімшесіне науқастардың қаралуы:

  1. Жедел жәрдем арқылы;
  2. Емханалық дәрігерлердің жолдауы бойынша;
  3. Басқа ауруханалардан ауыстыру (әкімшіліктің келісімі бойынша);
  4. Өз еркімен қаралу.

Ауыр халдегі және түсініксіз науқастар қаралған жағдайда кеңес беру және қарау жұмыстары ҚазҰМУ-і мен ҚМҮББУ-інің профессор және доценттерімен жүргізіледі.

Қабылдау бөлімшесі аурухананың бірінші қабатында орналасқан. Бөлімшеде келесідей бөлмелер орналасқан: ауа-тамшылы жұқпасы бар науқастарға, вирусты гепатитпен науқастарға, ішек инфекциясымен науқастарға арналған бокстар, егу бөлмесі, герметикалық бөлме, талдау жұмыстарына арналған бөлме және қызметкерлерге арналған бөлмелер.

 

Қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі – Утежанова Гаухар Далелхановна

 

Қабылдау бөлімшесінің ұжымы

 

Қабылдау бөлімшесінің дәрігерлер ұжымы

 

Қабылдауда