ШЖҚ «ИЗАТИМА ЖЕКЕНОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ» МКК
Қазақстан Республикасы 0500007 денсаулық сақтау басқармасы. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295, Телефон: +7 (727) 274 96 92
logo

Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі

И.Жекенова атындағы ҚКЖАА-ның реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі аурухананың бірінші қабатында орналасқан, төсек орын 6, 3 боксталған палатамен қамтылған.

Бөлімшеде тәулік бойы бақылаумен қамтамасыз ететін төрт жоғары дәрежелі анестезиолог реаниматолог дәрігерлер жұмыс жасайды. Он бір орта медбикелер, олардың ішінде: бес жоғары дәрежелі, екі медбике бірінші дәрежелі, қалған медбикелер екінші дәрежелі.

Тәулік бойына жүргізілетін келесідей қызметтер түрі ұсынылған: қанның биохимиялық талдауы, коагулограмма, қанның негізгі-қышқылдық құрамы, қан электролиттері, ликвограмма, УДЗ, рентген, ЭКГ.

Реанимация және қарқынды терапия бөлімі қамтамасыз етілген: оттегі бекеті, жасанды тыныс алу қондырғысы, тәулік бойғы мониторлар, дефибриллятор, электрокардиограф.