ШЖҚ «ИЗАТИМА ЖЕКЕНОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ» МКК
Қазақстан Республикасы 0500007 денсаулық сақтау басқармасы. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295, Телефон: +7 (727) 274 96 92
logo

Қазақ Медициналық Үздіксіз Білім Беру Университеті

Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтының жұқпалы аурулар кафедрасының ұйымдастырылғанына 48 жыл толып отыр. Ол СССР Денсаулық сақтау Министрлігінің дәрігерлерді жетілдіру институты мекемесімен қатар  1964 жылы қаңтарда   құрылды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жоғары мектептерінің жетекші кафедраларының бірі болып саналады.  Инфектологияның дамуына,  жауапты мемлекеттік міндетті орындауда, яғни  халықтың денсаулығын қорғауда, маман дайындауда, мемлекет пен ғылым басымдықтарын ескере отырып, ғылыми жобаларды жүзеге асыруда  кафедра қызметкерлерінің   еңбегі зор.

Кафедраның ұйымдастырушысы –профессор Татьяна Ивановна Дмитровская.Ол  кафедраны  27 жыл бойы (1964-1990 жж.)  басқарды. 1948 жылы дүниеге келген, АММИ жұқпалы аурулар кафедрасының болашақ аспиранты кандидаттық диссертациясын «Клиника возвратного тифа военных и послевоенных лет» тақырыбында қорғады. Кафедраның  құрылуына  зор үлесін тигізген алғашқы оқытушылар ретінде меңгерушіден басқа доцент Светлана Николаевна Попованы (1964-1966 жж),  ассистент Лариса Вячеславовна Кудрякова  (1964-1988 жж., кандидаттық диссертация тақырыбы – «Эволюция клинического течения сыпною тифа», 1968), ассистент, 1966 жылдан доцент Елена Александровна Мизякина (1964-1989 гг., кандидаттық диссертация тақырыбы – «Последствия и исходы вирусного гепатита в Алма-Ате», 1968). 1965 жылы  Антонина Семеновна Милованова (1965-1987 жж.)   кафедра ассистенті болып сайланады.Алғашқы үш жылда кафедра тек  дәрігер-инфекционистердің алғашқы маманын дайындады.1967 жылдан бастапмаманданудың тұрақты  5 айлық  цикліне байланысты кафедрада жалпы және тақырыптық жетілдіру жүргізіле бастады. Атап айтар болсақ,  жұқпалы ауру патологиясының басты бөлімдері, ерекше қауіпті жұқпалар, аймақтық терапевтер үшін ішек жұқпалары; инфекционистер үшін ішек жұқпалары мен инвазия; бөлімше меңгерушілері үшін жұқпалы ауру патологиясының басты мәселелері және жұқпалы аурулар бөлмесінің дәрігерлері мен бас инфекционистер үшін циклдер өткізілді.Кафедра  оқытушыларының  қызметінің жетілдірілуінде  терапия, эпидемиология, микробиология, балалар  жұқпасы кафедраларының курсанттарымен  өткен сабақтар  көп септігін тигізді.

Кафедра қызметкерлерінің  ғылыми жұмыстарының басты тақырыбы антропозоонозды жұқпалар жайлы болып келеді. Т.И.Дмитровская докторлық диссертациясын1972 жылы  «Клинико-эпидемиологическая характеристика сальмонеллеза в Казахстане» тақырыбында қорғады. Т.И.Дмитровская  жетекшілігімен 5 кандидаттық диссертациялар қорғалды: Л.М.Маслованың «Частота и характер колита при сальмонеллезе»,1973; М.А.Досабаеваның «Состояние сердечно-сосудистой системы у больных в острой, затяжной и хронической стадиях сальмонеллеза», 1975; Л.С.Безрукованың «Значение  микрофлоры кишечника при кишечной, субклинической формах сальмонеллеза и сальмонеллезном бактерионосительстве», 1988; Л.В.Дерябинаның «Клинико-лабораторная характеристика сальмонеллеза, кампилобактериоза и эффективность лечения сальмонеллезной инфекции прополисом», 1990. Т.И.Дмитровская өзінің жан-жақты кәсіби қызметін  белсенді қоғамдық жұмыстармен байланыстырады:  бірнеше жылдар бойы ол республикалық, қалалық инфекционистер қоғамының төрайымы, инфекционистердің  Бүкілодақтық қоғамының басқарма мүшесі,  Қазақ ССР Денсаулық сақтау Министрлігінің  штаттан тыс бас инфекционисті болды.

Кафедраға1991-2002 жж. аралығында м.ғ.д., профессор Куляш Байсеиховна Курманова  басшылық етті. Кандидаттық диссертациясын1971 жылы «Аллергия замедленного типа и углеводный обмен» тақырыбында, ал  докторлық диссертациясын 1990 жылы «Совершенствование методов лечения больных бруцеллезом»  тақырыбында  қорғады.  Оған 1994 жылы  медицина профессоры ғылыми атағы берілді; 1995 жылы Қазақстанның  МҒА  корреспондент мүшесі болып сайланды.  Ол – 277 еңбектің, соның ішінде  «Бруцеллези его лечение», «Окислительно-восстановительные процессы при аллергии», «Антропозоонозны, меры их профилактики и лечение», «Бруцеллез, лептоспироз, чума (клинико-эпидемиологические аспекты)», «Бруцеллез, клинические аспекты» (М., Алматы, 2002, 285 б.) монографияларының авторы. Оның жетекшілігімен 3  докторлық, 11 кандидаттық диссертация қорғалды.  К.Б.Курманова  2002 жылдан бастап  кафедра профессоры  атағына ие болды.

Кафедраны 2002-2009 жж. аралығында м.ғ.к., доцент Зауре Иманбековна Сулейменова  басқарды. Ол өзінің еңбек жолын 1987 ж. ассистент, 1994 ж. – доцент  қызметінен бастады. Кандидаттық диссертация тақырыбы – «Состояние клеточно-опосредованного иммунитета у больных рожей и влияние на него левамизола», 1985 ж.

Кафедра  ғылымның дамуына зор еңбегін сіңірген,  білімпаз педагог пен жоғары дәрежелі дәрігер-инфекционист бола білген мамандар: Досабаева Мунира Абдулбариевнаны (1966 ж.  бастап ассистент, 1987 ж. бастап  доцент), Петрова Наталья Петровнаны (1986 ж. бастап  ассистент, 2002 ж. бастап доцент, кандидаттық диссертация тақырыбы – «Клинико-иммунологическая характеристика лихорадки Ку», 1983 ж., 2010 ж. бастап профессор), Дерябина Лидия Владимировнаны (1987 ж. бастап ассистент,      1995 ж. бастап доцент) мақтанышпен айта алады.

Қазіргі таңда кафедраны  Досқожаева Сауле Темірболатқызы басқарып келеді. Кандидаттық диссертациясын 1987 жылы «Иммунологическая характеристика субклинических форм дизентерии и бактерионосительства» тақырыбында қорғады. Докторлық диссертациясы 2007 жылы «ВИЧ/ СПИД-инфекция  на современном этапе и оптимизация оказания медицинской помощи больным в Республике Казахстан»  тақырыбында қорғалды.

Кафедра әр жыл сайын тәжірибелік денсаулық сақтау органдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды,  Қалалық  клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының  клиникалық базасында емдік және педагогикалық жұмыстар атқарады, «Жұқпалы ауруы бар науқастарға амбулаторлық-емханалық  көмек», терапевтер үшін және басқа да мамандар үшін  «Жұқпалы аурулардың өзекті мәселелері» атты  циклдерін ұйымдастырады. Республика облыстарына жоғары деңгейде, санитарлық авиация бойынша жедел көмек көрсетеді.  Кафедра ұжымы емдеу ұйымдарымен  бірлесе отырып, дәрігерлер біліктілігін арттыруға бағытталған ғылыми-тәжірибелік, патологоанатомиялық  конференция,  соңғы басылымдарға хаттама, семинар, дәрігерлер аттестациясы, жылдық есеп бойынша  мәжіліс, қалалық инфекционистер  қоғамының мәжілісін өткізіп отырады. Дәрігерлер іс жүзінде ғылыми жұмыспен айналысады.  Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі тәжірибелік денсаулық сақтау талаптарына сай құрылады. Қазіргі таңда кафедраның басты ғылыми бағыты  диагностиканы жетілдіру,  жұқпалы ауру терапиясы мен оның  таралуы,   халық денсаулығына қауіпті экологиялық факторлардың әсерін зерттеу болып отыр.  Біздің оқытушылар білімпаздығымен, риясыздығымен, жоғары адамгершілігімен және кәсіби біліктілігімен ерекшеленеді.  Кафедра ұжымы  ғылымның инфектология саласы мен тәжірибедегі өзекті  міндеттерді  орындауда қызмет атқарып келеді.