ШЖҚ «ИЗАТИМА ЖЕКЕНОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ» МКК
Қазақстан Республикасы 0500007 денсаулық сақтау басқармасы. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295, Телефон: +7 (727) 274 96 92
logo

Алматы Медицина колледжі

Алматы Медицина колледжі – денсаулық сақтау саласын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында, халықаралық стандарттарға сай негізгі және дипломнан кейінгі сатыларды мейірбике ісі мамандарын даярлайтын кәсіби-техникалық мультипрофильді оқу орны. Қазіргі таңда студенттер контингенті күндізгі оқу бөлімінде 1158 студент, кешкі оқу бөлімінде 253 студентті құрайды. Сонымен қатар, колледжде жылына 2000ға жуық курсанты бар Дипломнан кейінгі қосымша білім беру орталығы жұмыс жасайды.

Алматы медицина колледжі – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, әлеуметтік, кәсіби тұрғыда дамуына жағдай жасалған, заман талаптарына сай инновациялық технологияларды белсенді қолдануымен және білікті маман даярлау үрдісіндегі үздіксіз дамуымен ерекшеленетін білім орталығы.

Алматы медициналық колледжiнiң тарихынан

Бұл оқу орны Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлiгiнiң №141 бұйрығының негiзiнде 1981 жылдың 12-наурызында құрылған. Училище ең алғаш фельдшерлiк, акушерлiк, мейiрбике iсi бөлiмдерi бойынша күндiзгi және кешкi оқыту түрiнде бiлiм бердi. 1987, 1989 жылдары Алматы қалалық медицина училищесi Кеңестер Одағындағы 720 медициналық училище, 80 жоғары оқу орны және 20 дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институттары арасында бiлiм сапасы жағынан екiншi, үшiншi орындарды иемдендi.

Алматы қалалық медицина училищесiнiң тұңғыш директоры әрi алғашқы ұйымдастырушысы – медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қызметкерi, Денсаулық сақтау iсiнiң үздiгi Қалқаман Аяпұлы.

1992 жылы Алматы медициналық училищесi Қалқаман Аяпұлының ықпалымен республика бойынша алғаш болып колледж мәртебесiне ие болды. Колледж iргетасын қалаған 30 жыл iшiнде 4 мыңнан астам мамандар даярлап шықты.

1994–2004 жылдары колледж Американың Туссон және Миннесота қалаларымен серiктестiк қарым-қатынас орнықтырды.

2006–2008 жылдары колледжге медицина ғылымдарының кандидаты Сұлтан Тұрарұлы Сейдуманов басшылық жасады. Бұл кезеңде колледжде оқыту жүйесi жетiлдiрiлдi. Күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп, колледж ғимараты тарихи ескерткiштер қатарында мемлекеттiк қорғауға алынды.

Ал 2008 жылдан берi колледждi жас та болса бас бола бiлген, медицина ғылымдарының докторы Дамир Дәулетбаев басқарып келедi. Бүгiнде Алматы медицина колледжi – «Мейiрбике iсi», «Емдеу iсi» және «Акушерлiк iс» мамандықтары бойынша күндiзгi және кешкi бөлiмдер бойынша дәрiс бередi.

Колледжде болашақ мамандарға 66 оқытушы дәрiс берсе , оның 2-еуi ғылым докторы, 22-сi жоғары санатты, ал 9-ы бiрiншi санатты оқытушылар. Оқу орнында, сондай-ақ, 8 цикл бойынша әдiстемелiк комиссия жұмыс iстейдi. Әлемдiк Интернет жүйесiне қосылған, Оқу-ақпараттық орталығы, электронды оқу залымен қамтамасыз етiлген кiтапханасы бар.

Бiлiм беру iсiнде мейiрбике iсiнiң жаңа технологияларына айрықша мән бередi.