ШЖҚ «ИЗАТИМА ЖЕКЕНОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ» МКК
Қазақстан Республикасы 0500007 денсаулық сақтау басқармасы. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295, Телефон: +7 (727) 274 96 92
logo

Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

С.Ж.Асфендиаров атындағы ҚазҰМУ – медициналық жоғары оқу орны. 

1931жылы құрылған. Қазақстандағы алғашқы медицина жоғары білім беретін мектеп. 

1986 жылы С.Ж. Асфендиаров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институты болып аталды. 

1996 жылы 7 тамызда институт С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік Медицина Университеті болып қайта құрылды. 

2001 жылы университеттке ұлттық мәртебе берілді. Университеттің 54 кафедрасында 860 оқытушы жұмыс істейді, 5400 студент оқиды. Оқытушылар құрамында 116 ғылым доктор, 385 ғылым кандидаты бар (2003). 

Университет шет елдердің жоғары оқу орындарымен 16 ынтымақтастық шартын жасаған, халықаралық бағдарламалар мен гранттар бойынша ғылыми-зертханалық жұмыстарын орындауға қатысады. Болашақ дәрігерлер мен провизорлар 7 медицина мамандық бойынша дайындалады.

ҚазҰМУ-нің қалыптасуы мен дамуына кезінде 20 ғ-дың 30-жылдарында КСРО-ның орталық қалаларынан шақырылған профессорлар И.С. Баккал, П.О. Исаев, М.С. Брагин, В.В. Авербург, В.А. Захваткин, Н.Н. Литвинова, т.б. ғалымдар зор үлес қосты. Олармен бірге педагогтар жұмыстарға Қазақстанның таңдаулы дәрігерлері: Х.Н. Бөкейхан, Х.А. Барлыбаев, Ә.М. Байгурин, т.б. тартылды.

Тұңғыш директоры – Санкт-Петербург әскери академиясының түлегі Санжар Асфендиаров. 1931 жылы бұл жоғары оқу орнында жалғыз емдеу факултеті ғана болды. Институтты 1936 жылы алғашқы 66 түлек бітіріп шықты. Одан кейін педиатрия (1938), санитар-гигиеникалық (1943), фармацевтік (1951), тіс емдеу (1959) факултеттері ашылды. 2-дүниежүзілік соғыс басталғанда 84 оқытушы мен 262 студент өз еркімен майданға аттанды. Университет түлектері Мәншүк Мәметова және Владимир Иванилов Кеңес Одағының Батырлары атағын алды. 1981 жылы университет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

Бүгінгі күні жоғары білікті бәсекеге қабілетті медицина мамандарын даярлау арқылы қоғам сұранысын қанағаттандыратын жоғары оқу орындарының бірі – С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті.

ҚазҰМУ Қазақстан медициналық білімінің қара шаңырағы болып табылатын жоғарғы оқу орны. Биыл Университет 80 жылдық мерей тойын атап өтпек.

Бүгінде ҚазҰМУ – медициналық білім беру саласының көшбасшысы, ол тек оқытушылық қана емес, сондай-ақ, дәрігерлік және ғылыми-зерттеу жұмыстарының басын  біріктіреді.

ҚазҰМУ – Болон декларациясының негізі болып саналатын Ұлы Хартияға қол қойған қазақстандық 18 университеттің қатарында.

Қазіргі таңда С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ҚР медициналық ЖОО-ның ең беделдісі және ол «Ұлттық» деген мәртебеге ие. Өзінің 80- жылдық қызметімен бұл ЖОО тек ҚР-да ғана емес, шет елдерде үлкен абыройға ие болды.