ШЖҚ «ИЗАТИМА ЖЕКЕНОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ» МКК
Қазақстан Республикасы 0500007 денсаулық сақтау басқармасы. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295, Телефон: +7 (727) 274 96 92
logo

Республикалық Медицина Колледжі

Бүгінгі таңда Республикалық медицина колледжі – республиканың ең ірі медициналық колледждерінің бірі, онда орта медициналық және фармацефтикалық білім саласындағы 7 мамандық бойынша 2 мыңға жуық студент оқып жатыр және 3 мыңнан аса медбике ісі қызметкерлері қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтеді. Олардың кәсіби даярлығымен екі жүзден аса оқытушы айналысады, олардың ішінде жоғары және бірінші категориялы орта буын мамандары, ғылым докторлары мен кандидаттары бар.

Колледждің педагогикалық ұжымы алдында саяси, әлеуметтік экономикалық дүниетанымдық және басқа факторларға байланысты туындаған бір қатар түбегейлі жаңа міндеттер тұр, олар дың ішінде медбике ісін жетілдіру бойынша білім беру процесін жетілдіру және осы сала кадрларын даярлаудың сапасын көтеру мәселесін бөліп көрсету қажет. Бұл міндеттерді шешу жолдарының бірі- оқу-тәрбие процессін ақпараттандыру және білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу болып табылады. Осы мақсатпен 2010 жылы ақпараттық технологиялар орталығы және кәсіби практика бойынша білім беру қызметінің сапа маниторингінің орталығы құрылған болатын. 2011 жылы күрделі кеңсе-тіркеуші қағидасы бойынша жұмыс істейтін қазіргі заманғы автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) енгізілді. ААЖ колледждің барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметін біріктіреді, ақпарат алмасуға, оқытудың тиімділігін арттыруға, контингент кадрлар және білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді және оқушылардың, тыңдаушылардың және оқытушылардың білім, іскерлік және дағды сапасының маниторингін өткізуге мүмкіншілік жасайды. Білім беру сапасы маниторингі орталығында экранға шығатын аудиовизуалды бейнебақылау орнатылған.

«Стандартталған пациент» әдісін пайдалана отырып оқушылар мен бітірушілерді тәуелсіз бағалауды енгізу басталды.

Бәсекеге қабілетті оқу орны болып қалу үшін, еңбек нарығының сұраныстарына нақты дәл жауап қайтарып отыру керек.

Бүгінгі күні ортабуын мамандары қызметінің рөлі, функциялары және ұйымдастыру нысандары денсаулық сақтау саласы алдында тұрған жаңа міндеттерге сәйкес өзгеріп отырады. Бұл – алғашқы медициналық – санитарлық көмекті дамыту, салауатты өмір қалпын қалыптастыру, ауруханадан тыс көмектің және емдеуі мен күтімі әр түрлі қарқындағы ауруханалар\бөлімшелер қалыптастыру, хоспистер ұйымдастыру және паллиативтік көмек көрсету. Осының барлығы колледждің педагогикалық ұжымынан оқу – бағдарламалық құжаттарды қайта қарауды, кабинеттер мен лабораторияларды қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен, әспаптармен және маникендермен жабдықтауды, яғни оқытуды практикалық қызметке жақындатуды талап етті.

Колледж 2009 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанда алғаш рет студенттерді зағиптерге арналған «Медбике ісі» мамандығы бойынша «Массажист»біліктілігіне оқытуды мемлекеттік тапсырыс бойынша іске асыра бастады.

Қазақстан және Ауғанстан Ислам Республикасы Үкіметерінің «Білім саласындағы ынтымақтастық туралы» келісіміне сәйкес колледж қабырғасында Ауғанстандан келген 30 азаматты даярлау іске асырылып жатыр.

«Медбике ісі» мамандарын даярлау және қайта даярлаудың сапасын жетілдіру мақсатында Қазақстанның медициналық колледждерінің күштерін біріктіру қажеттігі туындады. 2011 жылдың ақпанында «Қазақстанның медициналық колледждерінің одағы» атты заңды тұлғалардың бірлестігі құрылды, оның мүшелігіне 28 мемлекеттік және 23 мемлекеттік емес медициналық колледждер кірді. Одақ жанынан 7 мамандық бойынша 6 оқу-әдістемелік бірлестіктері құрылды. Олардың қызметін үйлестіруді консультативтік кеңес органы – оқу-әдістемелік кеңес іске асырады. «Қазақстанның медициналық колледждерінің одағы» атты ЗТБ басқарма төрағасы болып РМК директоры, ҚР ДСминистрлігінің штаттан тыс бас маманы С.Т. Сейдуманов сайланды. 2011 жылдың желтоқсанынан бастап «Информационный вестник» журналын шығару қызметін ЗТБ өзіне алып, оны тіркеу кезінде журналдың атауын «Информационный вестник по вопросам сестринского дела» етіп өзгертті және оның таралу аумағын ТМД елдеріне ұлғайтты. Журналдың тақырыптамасы медбике ісі бойынша материалдары, тәжірибе алмасу жөніндегі ғылыми мақалаларды, ең жаңа медициналық технологиялар туралы ақпаратты және халықтың денсаулығын сақтау және қолдау саласындағы әзірлемелерді өз ішіне алады. Одақ «Үздік оқытушы», «Үздік бітіруші», «Үздік оқу-әдістемелік әдебиет» атты Республикалық конкурстар, медбике ісі мамандары қызметінің кәсіби стандарттарын әзірлеу  бойынша МЖМС жетілдіру және кадрларды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар өткізуді жоспарлап отыр. Мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер 2012 жылдың соңында орта буын мамандарының кәсіби стандарттарын жасау бойынша жұмысты бітірді.

Колледж ұжымы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын  дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацефтикалық білім беру тұжырымдамасын іске асыру шегінде, колледждің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында білім беру сапасына жаңа талаптар қабылдады. Оқушылар мен бітірушілердің даярлық дәрежесін бағалау үшін, оқытудың айқын жазылған нәтижелері қажет. Осы мақсатта барлық мамандықтар бойынша мамандықтар қызметінің кәсіби стандарттарын дайындау бойынша жұмыс аяқталып келеді.

Оқыту үшін жағдай жасау, еңбек нарығы талаптарына сай келу үшін стандарттарды, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жаңарту, білім берудің сапасын сырттан тәуелсіз бағалауды енгізу, медицина колледждері бітірушілерінің білімі мен дағдыларының жоғары сапасын жұмыс берушілердің мойындауы – бұл колледж ұжымының алдына қойған негізгі міндеттері.