ШЖҚ «ИЗАТИМА ЖЕКЕНОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ» МКК
Қазақстан Республикасы 0500007 денсаулық сақтау басқармасы. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295, Телефон: +7 (727) 274 96 92
logo

Энтеровирустық инфекция

Тұмау, грипп (лат. grіppus фр. grіpper – “бас салу, шап беру”), инфлуэнца – тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы –ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.

Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын  вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады.

Таралуы

Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Бір ауырған адам бір-екі жылға дейін қайтып тұмаумен ауырмайды. Тұмау салқын кезде жиі, ыссыда сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады.

Тұмау вирусы өте тез тарайды. Инфекцияны қоздырушы – тұмаумен ауырған адам. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Ауалы-тамшылы жолмен түскен вирус жоғ. тыныс жолдарының беткей клеткаларына С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағ-тан соң (кейде 1 – 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол°еніп, өсіп-өнеді де мұрынның шырышты қабаттарын зақымдайды, қанға сіңіп, жалпы организмді уландыра бастайды. Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38 құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Т-дан жазылғаннан кейін организмде иммунитет пайда болады, ол А типінен кейін 1 – 2 жылға, В типінен – 2 – 3 жылға созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды.

Жыл сайын дүние жүзі халқының 10 пайызы тұмау ауруына шалдығады. Жыл сайын дамыған елдерде бұл аурудан және оның асқынуынан 30-40 мың адам көз жұмады.

Облыста тұмау және жіті респираторлық вирустық жұқпалардың 2014-2015 ж.ж. эпидемиялық маусымында жіті респираторлы вирустық жұқпалардың 194 жағдайы тіркеліп, ауру көрсеткіші 34,3 пайызды құрады. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 157 жағдай тіркеліп, ауру көрсеткіші 88,4 пайызды құрап отыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, 2014-2015 жылдардың эпидемиялық маусымында тұмаудың А (Н1N1, Н3N2) типтерінің  айналымы болжанып отыр.

Тұмау вирусының қауіптілігі ағзадағы созылмалы жүрек, өкпе, жүйке, жүрек-тамыр жүйесіндегі ауруларды асқындыруы болып табылады.  Вирус аурудың ағзасында ауру басталғаннан кейін 3-5 күн сақталады. Сондықтан да, дәрігердің ұсыныстарын бұлжытпай орындаған жөн.

Алдын алу

Тұмау ауруының алдын алудың бірден-бір жолы – ауруға қарсы екпе алу. Облыс бойынша тұмауға қарсы вакцина алуға жергілікті бюджеттен 16 млн.теңге қаражат бөлініп, оған 22200 доза вакцина алынды. Аталған вакцинамен облыстағы халықтың неғұрлым осал топтары (60 жастан асқан адамдар, созылмалы өкпе, жүрек-қан тамыры аурулары, иммундық жетіспеушілігі бар ересектер мен балалар, әлсіз және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері, жүктіліктің 2-3 үштік кезеңіндегі (триместр) жүкті әйелдер, сәбилер және балалар үйлерінің балалары) тұмауға қарсы екпемен қамтамасыз етіледі.

Тұмау ауруына қарсы екпе сау адамдардың 70-80 пайызын тұмау жұқпасынан, 60 пайызын әртүрлі асқынулардан, ал 80 пайызын өлім-жітімнен сақтайды.

Вакцина егуді күзде бастаған тиімді, себебі тұмау індеті желтоқсан мен наурыз айлары аралығында болады және екпе алғаннан кейін ағзада иммунитет пайда болғанға дейін 14 күннен 1 айға дейін уақыт керек. Екпеден кейінгі иммунитет 6-12 ай бойы сақталады. Т.