ШЖҚ «ИЗАТИМА ЖЕКЕНОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ» МКК
Қазақстан Республикасы 0500007 денсаулық сақтау басқармасы. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295, Телефон: +7 (727) 274 96 92
logo

Менингит

Менингит - қауіпті ауру. Оның болжамы уақытылы, дұрыс ем қабылдап, медициналық көмек көрсетуге байланысты.

Менингиттің диагнозы тек клиникалық көрсеткіштермен анықталмайды, арқа-ми пункциясын өткізу арқылы арқа-ми сұйықтығын тексеру қажет.

Арқа-ми пункциясы – аз мөлшерде ауратын емшара, зарасызданған бөлмеде өтеді, асқыну болмайды және менингитке күдік болғанда өткізу-міндетті, ликвордың құрамын тексеру нәтежиесі дайын болған жағдайжа тиімді емшара тағайындалады.Сонымен қатар арқа-ми сұйықтығының артық мөлшерін шығару емдік шара болып табылады, себебі басаүйекшілік қысымын азайтады және өзін жақсы сезінеді, бастың ауруы азайады, құсу тоқтайды.

Менингитті емдеу міндетті түрде дәрігердің қарауымен стационарды түрде болуы қажет, менингитпен ауырған науқас бір жыл бойы невропотлогтың тіркеуінде болады.

Менингит – мидың шырышты және жұмсақ қабатының қабынуы, жұқпалы ауру.  Менингит ауруын тудыратын себептер бойынша: бактериологиялық және вирусты болып бөлінеді. Ал қабыну жағдайы бойынша іріңді және серозды болып бөлінеді. Ал басқа аурулардың құлақ, мұрын, бас қуысының жарақаттарының себебінен алғашқы және екінші реттік минингит болып сараланады.

Минингиттің алғашқы белгілері пайда болғанда шұғыл түрде «Жедел жәрдем» шақыртып баланы ауруханаға жатқызу қажет.

Белгілері

  • Жоғары температура;
  • Бастың қатты ауыруы;
  • Мойынның шалқаюы. Баланың өңі кірмейді, сұлық жата береді, басы мен мойынын артқа шалқайтып ұстайды.
  • Ту сыртының да шалқайып кететіні сондай, бала басын тізесінің арасына келтіре де алмайды;
  • Бір жасқа дейінгі баланың еңбегі көтеріледі (томпайып кетеді);
  • Менингит кезінде құсу — осы ауруға тән құбылыс;
  • Кішкентай балаларда менингиттің алғашқы кезеңінде анықтау қиын. Бала түсініксіз жағдайда, тіпті анасы емізгенде де жылай береді («менингит жылауы»). Немесе бала ұйықтай береді;
  • Кейде талып қалады (құрысу), немесе дене қозғалысы да бір түрлі болып өзгереді;
  • Көбінесе баланың жағдайы бірте-бірте нашарлай бастайды, ол мүлде есінен танған кезде ғана тынышталады;
  • Туберкулез менингиті өте жай өрбиді, ол талай күндерге немесе апталарға созылады. Бұл аурудың басқа формалары анагұрлым тез — сағаттар немесе күндер аралығында өршиді.

Минингиттен сақтану тәсілдері

Әсересе жас  балаларга  суға  шомылуды  мумкіндігінше  азайту, көкөністерді, жеміс-жидектерді қайнаған  сумен  шайю,тазалап  жуу,  жеке  бас  гигиенасын  қатаң  сақтау, қолды  сабынмен  жуу.

Менингит  жұқпасымен  ауырып  қалмауға  кеңес; салауатты  өмір  сүру, дұрыс  тамақтану, витаминдер  қолдану, дұрыс  ұйқтау,шынығу,көп  қозғалу, жаман  әдеттерден  сақ  болу, көңіл-күйдің  жоғары  болуы  адам  ағзасын  кез-келген  аурушылдықтан  қорғайтынына  сенім  білдіреміз.

ДЕР КЕЗІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ЖҮГІНУ ЖӘНЕ ЕМ ҚАБЫЛДАУ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АУЫР ТҮРЛЕРІ МЕН ҚАБЫНУЫНАН  САҚТАНУҒА БОЛАТЫНЫН

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!