ШЖҚ «ИЗАТИМА ЖЕКЕНОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ» МКК
Қазақстан Республикасы 0500007 денсаулық сақтау басқармасы. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295, Телефон: +7 (727) 274 96 92
logo

Пневмония

Пневмония — өкпенің респирациялық бөлшектерінің басым зақымдануымен, альвеолалардың экссудациясымен сипатталатын, бірақ зақымдалған анатомиялық құрылымдардың бұзылысына әкелмейтін өкпенің жедел инфекциялық қабыну процесі.

Пневмония  —  жиі  кездесетін,  өлімге  әкелетін  себептердің ішінде алтыншы орындағы, ал ауруханаішілік    инфекциядан болатын өлім себебі ретінде бірінші орындағы ауру. Соңғы 30 кылда оның жиілігі бес есе көбейіп, казіргі кезде 1000 адамға шаққанда даму саны 10-13,8 шамасында. Пневмониядан ауруханадағы өлім саны 8,0-8,7%.

Этиологиясы. Пневмонияның дамуына көптеген қоздырғыш-бактериялар, микроплазма, хламидия, легионелла, саңыраукұлақшалар, қарапайымдар т.б. әкеледі. Этиологиясына карай пневмонияның 40-ка жуық түрлері белгілі. Бүл салада вирустардың тікелей әсері толық дәлелденбеген. Көптеген мәліметтер бойынша вирустар тыныс жолдарының жыбыр эпителиін зақымдау, қорғаныс қасиетін төмендету арқылы бактериялық флораның енуіне жол ашады. Грипптің, ЖРВИ эпидемияларында пневмония жиіленеді

Дерттің дамуында қоздырғыштармен қатар бейімдеуші ықпалдардың да маңызы зор: суықтау (пневмония салқын мезгілдерде жиіленеді); кеуде сарайының жарақаттары; іш қуысының операциялары; дене қимылын шектейтін ауыр жағдайлар; аспирацияға алып келетін себептер (ингаляциялық наркоз, алкогольмен улану, кома, жуйке аурулары); балалық және көрілік жас (беске толмаған балалар және 65-тен асқан кәрі жастағылар); тыныс жолдарының фондық аурулары (бронхтық астма, бронхит, даму акдулары, ЛОР патология, болып өткен пневмониялар); шылым шегу; қоршаған ортаның зиянды әсерлері; жүрек шамасыздығы; иммундық супрессия, иммундық тапшылық жағдайлары: цитостатиктік, стероидтық ем, лейкопения, қантты диабет, ЖИТС.

Клиникалық көрінісі

Көрінісіндегі  басты синдромдар  

Интоксикациялық  (әлсіздік,   делсалдық,   тәбеттің   жойылуы, бастың ауыруы, бұлшықетгердің ауырсынуы, жүрек соғуы).

Өкпенің   қабыну    өзгерістері  (қақырықгы  жөтел, кеуденің ауырсынуы, тыныс қимылында бір жағының калыңқылығы, дауыс дірілі   мен   бронхофонияның   күшеюі,   перкуссиялық   дыбыстыц қысқаруы, ылғал сырылдар, осы ауруға тән рентгендік өзгерістер).

Бейспецификалык кабыну өзгерістері (қалтырау, қызудың көтерілуі, канның жедел фазалық көрсеткіштерінің жоғарылауы: лейкоформуланың солға ығысуы, нейтрофильдік лейкоцитоз; ЭТЖ-ның жоғарылауы, СРБ-тың пайда болуы, фибриногннің көбеюі).

Тыныс жетіспеушілігі (ентікпе, тахипноэ, үстірт тыныс, гипоксемия).

Кеуде-құрсақтық синдром (диафрагмалық плевраның] зақымдануынан ауырсынудың іш куысына тарауы).

Өкпеден тыс зақымданулар (гепатит, миокардит гломерулонефрит, энцефалопатия, менингизм, нефропатия).

Бөліктік пневмококктық классикалық түрі төтеннен қатты қалтыраудан, бастың ауыруынан, дене қызуының пневмонияның 39-40°С-ға дейін тез көтерілуінен басталады. Кейде оның кенет басталуы соншалықты, науқас қай сағатга ауырғанын айтып бере алады. Бірақ, науқастардың тең жартысында ауырар алдында бірнеше, күн немесе аптаның ішінде синдром белгілері болады: жоғары тыныс жолдарының инфекциялық қабынуы, әлсіздік, тершеңдік, делсалдық, дененің ауырсынуы, қабырғааралық невралгия. Бірінші, немесе екінші тәуліктен науқас жөтеле бастайды, жөне бүйірді шаншуы қосылады. Ауырсынудың демді терең алғанда күшеюіне науқас сақ жөтеледі. Жөтел басында қүрғақ, ал кейін ақшыл түсті көпіршікті қақырық түсе бастайды. Құрамында лейкоциттер мен фибриннің көбеюінен қақырық біртіндеп бүлыңғырланады, көп кешікпей түсі темір татына үқсайды, Фибриннің молдығына қақырық өте жабысқақ, оңайлықпен бөлінбейді. Пневмон: шешіле келе қақырық сүйылып модаяды, қүрамындағы лейкоциттер мен эритроциттердің саны азаяды.

Пневмония басталған шақта науқастардың бірқатарында кеуде, өте қатты шаншып ауырады. Әдетте плевраның зақымданған аймағы шаншу кадалғандай ауырады. Шаншу дем алғанда, жөтелгенде, қолмен қатты басса күшейеді. Науқас, қабырғаларының қозғалысын шектеу үшін, ауыратын бүйірінде жатуға тырысадьі. Кеуде қимылын қолмен, компреспен шамалы шектесе немесе плевра куысына сұйықтық жиналса - ауырсыну басылады, Зақымдау ошағының орналасуына байланысты, ауырсыну немесе құрсақтың жоғары аймағына тарауы мұмкін.

Дене қызуының аса биік кезінде ерін мен ауыздың айналасына үшық шығады, тыныс 25-40-кз, кейде 50-ге дейін жиіленеді, "жылы" цианоз пайда болады. Тыныс үстірт, тыныс қызметіне қосымша бұлшықеттер қатысады. Кеуденің зақымданған бөлігінің қозғалысы қалыңқы, дауыс дірілі күшейген, перкуссиялық дыбыс қысқарған. Гиперемия сатысында зақымданған аймақтағы қысқарған   дыбыс   тимпан   ревді,   тындағанда   әлсіз   везикулалық тыныспен   бірге   крелитация   (сгерііасіо   іпсіих),   кейде   кішігірім  аймақга ылғалды, бірен-саран қүрғақ сырылдар естіледі)

Тығыздалу сатысында тұйық дыбыс, бронхтык тыныс, ал ілеспелі бронхит болса, құрғақ сырылдар анықгалады. Зақымдану ошағында бронхофония күшейеді, крепитация жойылады, плевра үйкеліс шуы болады.

Шешілу сатысында тұйық дыбыс біртіндеп ашық дыбысқа айналады, жойылған крепитация  қайтадан пайда болады. Бронх тынысы алдымен катаң везикулалық тынысқа, көп ұзамай кәдімгі везикулалық тыныска айналады. Бұл кезде ылғал сырылдар да естілуі мүмкін). Пневмококтік (бөліктік) пневмония плевритпен қосарлануы ықтимал. (Көбіне құрғақ плеврит дамиды. Құрғақ плевритте плевра үйкеліс шуы естіледі, ал плевра қуысына сүйықтық жиналса, онда дауыс дірілі жойылады, перкуторлық дыбыс түйықталады, тыныс шулары шаққа естіледі, кейде естілмейді. Жиналған сүйықгық мол болса, кеуде ортасы сау жақка ығысады. Егерде плеврит бірінші күннен қосылса (парапневмониялық плеврит), онда интоксикация мен тыныс шамасыздығының күшеюінен, аурудың барысы едәуір ауырлайды. Кейін, плевриттің салдарынан плевра қуысында жабысқақтар түзілуі мүмкін.

Жүрек-тамыр жүйесінен пульстің жиіленуі, ал аса ауыр жағдаиларда қанайналым шамасыздығының (жедел өкпетекті жүрек) дамуы ықтимал. Жүрек соғу көлемінің ұлғаюынан арту үстінде систолалық шу естілуі мүмкін. Шамамен 5-9 күннен кейін қызба бірден критикалық түрде төмендейді. Қызу төмендеген кезде науқас ағыл-тегіл терлейді, әлі қүриды және тахикардиясы күшейеді. Қызуы төмендеген соң ентікпе мен жүрек соғу саны азаяды, ұйқы дұрысталадьі.

Қазіргі уақытта антибиотиктерді дер кезінде қолдану бөлікгік пневмонияның барысын  күрт   өзгертті.   Сол   себептен  жоғарыда суреттелген, қызбасы 7-10 күнге дейін баратын, крупозды аталған пневмонияның     классикалық     түрі     жеңіл   барысты     ошақгы пневмонияға ұқсайтын болды. Ем тиімді болса дененің қызуы 2-3 тәулікте     төмендейді,     интоксикация     жойылады,     қабынудың физикальдік белгілері азаяды;       2-3 аптада қанның лабораториялық көрсеткіштері өз қалпына келеді, рентгендік өзгерістер тарқайды, физикалдік өзгерістер жойылады; 4 аптада адам толық сауығады. Бірқатар науқастар осы уақыпың ішінде толық сауықпайды,  евмониясы бір айдан артыққа созылады (созылыңқы барысы). «евмонияның   созылынкы   барысы   -   оның   4   аптадан   артық зьілу     Бұл организм реактивтілігінің төмендеуінен, пневмония  кеш  басталуынан  болады.   Кей  жағдайларда,   әсіресе  кәрі ағыларда,   бұрыннан   келе   жатқан   созылмалы   аурулары   бар  (бронхтық   астма,    созылмалы    бронхит,    алкоголизм) пневмонияның барысы аса жіті болмайды. Қызба, жөтел, ентікпе біртіндеп өрістейді, бірақ кейін өкпеден тыс белгілердің (сана бұзылысының, әлсіздіктің, т.б.) тез қосылуынан наукастың күйі ауырлайды.

Пневмонияның орналасуына қарай клиникалық ерекшеліктері

Пневмониялық процестің орналасуына қарай өкпе қабынуының көрінісінде бірқатар ерекшеліктер болады. Төменгі бөліктік пневмонияда диафрагмалық плевра зақымданса - ауырсыну іш қуысына тарап, ішек қызметінің бұзылысына әкелуінен, іштің өткір ауыруына ұқсас көрініс береді, мәселен аппендициттің, жара перфорациясының, жедел холециститтің,  т.б. Мұндайда пневмонияның көрінісі көмескі, ал іштің ауырсынуы басым болуынан, қате диагноз қойылып, науқастар кейде операцияға алынады. Оң жақты төменгі бөліктік пнгевмония уытты гепатитпен жиі асқынады. Сондықтан, пневмонияның көрінісімен бірге бауырдың ұлғаюы, сарғаю, ферменттер белсенділігінің артуы, әсіресе ішкіш адамдарда, жиі анықгалады.

Сол жақты пневмонияда медиастиналық плеврит болса, онда төс арты мен жүрек тұсы миокард инфарктына ұқсас ауырсынуы мүмкін.

Жоғарғы бөліктік пневмонияда уытты энцефалопатияның көріністері басым болады: ұйқысыздық, бастың қатты ауыруы, менингизм, қозу, сандырақ, елестер, кейде жедел психоздың көрінісі. Пневмониядан сауыкднның өзінде бастың ауыруы, астения 5-6 айға созылуы мүмкін. Мұндай көрініс, әсіресе алкоголизмге шалдыққандарға.

Аурудың алдын алу

Аурудың алдын алу үшін ішетін тағамға көңіл бөліп, тазалық ережелерін сақтау қажет. Бөлмені таза ауамен желдетіп тұрған жөн. Суық тиюден болған ауруларды асқындырмай, уақтылы емдеу қажет. Балаңызға суық тиіп ауырса, сыртқа көп шығармаңыз. Себебі науқас баланың ағзасы  инфекцияларды жұқтырып алуға бейім келеді. Омыраудағы балаларды алғашқы алты айда емшек сүтінен айырмау қажет. Емшек сүтінде иммунитетті көтеретін барлық дәрумендер бар.  Пневмококқа, қызылшаға, көкжөтелге т.б. қарсы иммундау жақсы нәтиже береді. Баланы міндетті түрде мерзімінде ектіріп тұру қажет.

Дерек: Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының  мәліметі бойынша, жыл сайын 5 жасқа дейінгі 1,8 миллион бала өкпе қабынудан (пневмониядан) көз жұмады екен. Сондай-ақ әлемде балалар арасында өлім себептерінің 20 пайызын осы ауру құрайды. Дегенмен аурудың алдын алу әрі дұрыс тағайындалған ем, дер кезінде көрсетілген медициналық көмек өлім-жітім санын азайтады.