ШЖҚ «ИЗАТИМА ЖЕКЕНОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ» МКК
Қазақстан Республикасы 0500007 денсаулық сақтау басқармасы. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295, Телефон: +7 (727) 274 96 92
logo

Биыл — Астанаға 20 жыл!

4 шілде 2018

Осы жылы Тәуелсіз Қазақстанның теңдесіз жауһары — Астана қаласы 20 жылдығын атап өткелі отыр.Елорда біздің республикамыздың күш-қуатының іске асуының, динамикалық дамуының және тұрақтылығының көрінісі. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады.

Әлдеқашан жалпыұлттық мерекеге айналған Астана күнін атап өту мақсатында И.Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасында салтанатты жиын мен "Ашық есік күні" өткізілді.