ШЖҚ «ИЗАТИМА ЖЕКЕНОВА АТЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ» МКК
Қазақстан Республикасы 0500007 денсаулық сақтау басқармасы. Алматы қаласы, Байзақов көшесі 295, Телефон: +7 (727) 274 96 92
logo

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ДƏРІГЕРЛЕР КОРЕЙ ЕЛІНДЕ ТƏЖІРИБЕ АЛМАСУДА

1 тамыз 2018

Елбасы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауында «Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек» деген болатын. Бұл ретте аймақта атқарылып жатқан жұмыс аз емес.

Биылғы жылы облыс əкімдігінің қолдауымен медицина мамандарының біліктілігі мен білімін көтеруге, шет елдердің жетекші клиникаларында тəжірибе алмасу мақсатында жергілікті бюджеттен 130 млн теңге қаржы бөлінді.

Мамандарымыз Кореяда, Ресейде, Татарстанның Қазан қаласында білімдерін жетілдіріп, Қытай, Австрия мамандарымен тəжірибе алмастыра алады.

Бүгінде дəрігерлердің алғашқы легі Корей елінің Северанс клиникасында тəжірибе алмасуда. Облыстық медицина орталығы, онкология, қалалық аурухана, облыстық перинаталды орталық, балалар ауруханасының дəрігерлері медицинаның соңғы жетістіктерімен танысуда. Олардың барлығыда ағылшын тілін еркін меңгерген мамандар.

med-kz.ucoz.com